Близость слов: Окончание:





Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10475 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 05.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 45) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Р Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 13.07.2023 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (03.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
___________Т. Дүйсенова 
2015 ж. 23 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2014 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 506 бұйрығымен бекітілген
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығымен (04.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 605 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Р Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 45) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 13.07.2023 жылғы № 205 Бұйрығымен (03.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын тізбесі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.09.2022 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (26.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) академиялық демалыс – медициналық себептермен немесе басқа ерекше жағдайларда білім алушылардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын уақытша тоқтататын кезең.
Полная версия
ИС BestProfi