Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.06.2021
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 6 мамырдағы
 № 4-2/416 бұйрығына
 3-қосымша
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 жылғы № 170 Бұйрығымен (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (17.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 4 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезiнде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап – бiр жылға дейiн;
мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап:     
дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – 3 жылға дейін;     
азықтық дақылдар бойынша – 6 жылға дейін;     
жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша – 12 жылға дейін;     
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;     
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;     
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.     
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi