Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11785 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 05.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2) тармақшасының іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 04.12.2017 жылғы № 1514 Бұйрығымен (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 07.03.2018 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (04.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
1) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9113 тіркелді, 2014 жылғы 7 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 213 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9576 тіркелді, 2014 жылғы 21 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру депаратменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндет атқарушы З. Баймолдина
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына
12-қосымша
Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 07.03.2018 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 19.12.2018 жылғы № 1601 Бұйрығына сәйкес (	07.03.2018 ж. редакцяны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны-қағаз түрінде.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу жүргізілген немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе Мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылған кезде көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін алым төленгені туралы құжатты тіркеуге құжаттарды қайта берген кезде ұсынуы мүмкін.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) жүгінуі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, содан кейін қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге 3 (үш) сағат ішінде береді.
2) қызмет берушінің мұрағат бөлімінің қызметкері тіркеу істерін іздестіруді және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне беруді бір (1) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері – құжаттар топтамасын қарайды, қарау нәтижелері бойынша кондоминиум объектісін тіркейді немесе тіркеуді тоқтата тұрады немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, содан кейін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға бір (1) жұмыс күні ішінде ұсынады.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесін жолдау.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды есепке алу кітабы бойынша жолдау.
Кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады).
3 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізімі:
1) мемлекеттік корпорацияның инспекторы;
2) мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы;
4) қызмет берушінің мұрағат бөлімі жұмыскері;
5) қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жұмыскері;
6) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
7. Құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасында, осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес функционалдық өзара іс-қимылдар сызбанұсқасында және осы регламенттің 3 және 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің анықтамасында көрсетілген.
4 тарау. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекеттесу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетілетін «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде операциялық залда жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2) көрсетілетін қызметті беруші қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды);
көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 8-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
9. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталық жұмыскері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасы  

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

2

Қатысушы тараптың атауы

Көрсетілетін қызмет берушінің жумыскері

Көрсетілетін қызмет берушінің жинақтау бөлімінің жумыскері

Қызмет берушінің жұмыскері

Қызмет берушінің мұрағат бөлімі жұмыскері

Қызмет берушінің тіркеу бөлімінің жұмыскері

Қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары

Көрсетілетін қызмет берушінің құжаттарды табыстау бөлімінің жумыскері

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы жәнеолардың сипаттамасы

Құжаттарды тексеру және қабылдау, құжаттарды есепке алу кітабына жазбаларды енгізу және алушыға қолхат табыстау.

Құжаттарды қабылдау және оларды тіркеушіге әділет органынажолдау; қызмет берушіден орындалған құжаттарды қабылдау.

Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталықтан қабылдау;

Тіркеу істі іздестіру;

құжаттарды ЖМТ МДҚ-нан тіркеуге қабылдау.

Құжаттарды қол қоюға қабылдау

Өтініш берушіге табыстау үшін орындалған құжаттарды қабылдау

4

Орындалудың нысаны(деректер,құжат,ұйымдастырушылық-жарлық шешімі)

Көрсетілетін қызмет берушінің жинақтау бөліміне табыстау

Орындалған құжаттарды Көрсетілетін қызмет берушінің табыстау бөлімінің жумыскеріне табыстау

Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Орталыққа тапсыру;

Тіркеу істі орындау үшін тіркеу бөліміне табыстау ;

тіркеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; ЖМТ МДҚ АЖ-не тиісті өзгертулерді енгізу

Қол қойылған құжаттырды қызмет берушінің жұмыскеріне табыстау

Құжаттарды өтініш берушіге қолхат және құжаттарды есепке алу кітабы бойынша табыстау

5

Орындаумерзімдері

20 минут

Күніне 2 рет

3 сағаттан аспайды (жеделдетілген тәртіпте 30 минуттан аспайды)

құжаттарды орындауға қабылдаудан кейін тіркеуге 1 жұмыс күн (жеделдетілген тәртіпте 2 сағаттан аспайды)

құжаттарды орындауға қабылдаудан кейін тіркеуге 1 жұмыс күн (жеделдетілген тәртіпте 3 сағаттан аспайды)

2 сағаттан аспайды (жеделдетілген тәртіпте 30 минуттан аспайды)

20 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3, 7

2, 5

-


 


 


 

7

Пайдалану нұсқасы

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс

Негізгі үдеріс, баламалы үдеріс


 


 


 

Негізгі үдеріс

Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Негізгі процес (жұмыс ағыны, барысы)


 

Көрсетілетін қызметті беруші

Қызмет беруші

Қызмет беруші (мұрағат)

Қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

Қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары

1. Құжаттарды тексеру

4. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау

5. Тіркеу істі орындау үшін іздестіру және табыстау

6. Өтінішті қарау және тіркеу

7. Құжаттарға қол қою және жұмыскерге табыстау

2. Құжаттарды есепке алу кітабына қабылдау туралы жазбаны енгізу

7. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша орындалған құжаттарды Көрсетілетін қызметті берушіге табыстау


 


 


 

3. Қолхат беру


 


 


 


 

9. Құжаттарды есепке алу кітабы және қолхат бойынша орындалған құжаттарды өтініш берушіге табыстау


 


 


 


 

«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Көрсетілетін қызмет беруші

Көрсетілетін қызмет беруші (мұрағат)

Көрсетілетін қызмет беруші (тіркеу бөлімі)

Қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары

О-1. Құжаттарды тексеру


 

Құжаттардың толық пакеті

О-2.Құжаттарды есепке алу кітабына жазба енгізу, қабылдау

О-9. Қолхат бойынша орындалған құжаттарды табыстау


 

О-3.Қолхат беру

А-9. Бас тарту себептерін көрсетуімен хабарламаны табыстау


 

О-4. Есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау

О-8. Есепке алу кітабы бойынша құжаттардыкүніне 2 рет табыстау

А-8. Бас тарту себептерін көрсетуімен Мемкорпорация хабарламаны табыстау


 

О-5. Тіркеу істі іздестіру және орындау шыға табыстау


 

О-6. Өтінішті қарау және тіркеу

А-6. Өтінішті қарау және бас тарту себептерін көрсетуімен хабарламаны дайындау


 

О-7. Құжаттарға қол қою

А-7. Құжаттарды жұмыскерге табыстау


 

«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің іс-қимылының көрнекті диаграммалары
Мемлекеттік корпорациясымен құжаттарды қабылдау және жолдау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің Анықтамасы
*Мемлекеттік корпорациясы арқылы қызмет көрсету барысында
*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, Мемлекеттік корпорацияның, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара әрекеттестігі;
Полная версия
ИС BestProfi