Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2020
Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11976 тіркелді
Құжат мәтініндегі «МФҚБК» аббревиатура «ҚДСК» аббревиатурамен ауыстырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.02.2018 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (27.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-190/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің 
міндетін атқарушы 
____________ Р. Бекетаев 
2015 жылғы «___» _______
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы
_______________ Т. Жақсылықов 
2015 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 28 шілдедегі
 № 627 бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.02.2018 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (27.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 жылдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады) 14.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленген және мынадай ұйымдарды:
1) мемлекеттік мекемелер болып табылатын; 
Полная версия
ИС BestProfi