Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қазақстан Республикасы
 Сыртқы істер Министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 8 мамырдағы
 № 11-1-2/177 бұйрығына
 6-қосымша
8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жазбаша түрде хабарлай отырып, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының аумағында – консулдық алымды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы;
2) шетелде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша өзара түсіністік қағидаты негізінде тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 07.11.2018 жылғы № 11-1-4/515 Бұйрығына сәйкес (02.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
9-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылады ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) Құжаттарды заңдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
1) жеке тұлғалар – өзінің тегін, атын, әкесінің атын және пошталық адресін көрсетеді;
2) заңды тұлғалар – өзінің аталуын, пошталық адресін, шығыс нөмірін және уақытын көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 қосымша
Консулдық заңдастыру үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі
Р/с
Ел Консулдық алым
1 2 3
1. Америка Құрама Штаттары 50 АҚШ доллары
2. Канада 60 АҚШ доллары
3. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі 35 ағылшын фунт стерлингі
4. Бельгия Корольдігі 45 евро
5. Француз Республикасы 50 евро
6. Германия Федеративтік Республикасы 45 евро
7. Аустрия Республикасы 40 евро
8. Швейцария Конфедерациясы 65 Швейцариялық
франкі
9. Италия Республикасы 25 евро
10. Испания Корольдігі 40 евро
11. Мажарстан 40 евро
12. Чех Республикасы 45 евро
13. Литва Республикасы 30 евро
14. Түркия Республикасы 50 АҚШ доллары
15. Нидерланды Корольдігі 50 евро
16. Хорватия Республикасы 40 евро
17. Грекия Республикасы 25 евро
18. Румыния 40 евро
19. Болгария Республикасы 40 евро
20. Норвегия Корольдігі 26 евро
21. Мысыр Араб Республикасы 20 АҚШ доллары
22. Израиль Мемлекеті 30 АҚШ доллары
23. Біріккен Араб Әмірліктері 50 АҚШ доллары
24. Сауд Арабиясы Корольдігі 50 АҚШ доллары
25. Қатар Мемлекеті 50 АҚШ доллары
26. Иордания Хашимит Корольдігі 20 АҚШ доллары
27. Иран Ислам Республикасы 50 АҚШ доллары
28. Пәкістан Ислам Республикасы 10 АҚШ доллары
29. Ауғанстан Ислам Республикасы 5 АҚШ доллары
30. Үндістан Республикасы 30 АҚШ доллары
31. Қытай Халық Республикасы 50 АҚШ доллары
32. Малайзия 30 АҚШ доллары
33. Корея Республикасы 50 АҚШ доллары
34. Жапония 50 АҚШ доллары
35. Моңғолия 50 АҚШ доллары
36. Сингапур Республикасы 50 АҚШ доллары
37. Ливан Республикасы 20 АҚШ доллары
38. Либия Араб Социалистік Халық Жамахириясы 30 АҚШ доллары
39. Таиланд Корольдігі 40 АҚШ доллары
40. Ресей Федерациясы 50 АҚШ доллары
41. Украина 10 АҚШ доллары
42. Беларусь Республикасы 10 АҚШ доллары
43. Өзбекстан Республикасы 40 АҚШ доллары
44. Қырғыз Республикасы 30 АҚШ доллары
45. Түрікменстан 5 АҚШ доллары
46. Тәжікстан Республикасы 10 АҚШ доллары
47. Әзербайжан Республикасы 20 АҚШ доллары
48. Армения Республикасы 50 АҚШ доллары
49. Оман сұлтандығы 50 АҚШ доллары
50. Бразилия Федеративтік Республикасы 50 АҚШ доллары
51. Индонезия Республикасы 30 АҚШ доллары
52. Финляндия Республикасы 30 евро
53. Грузия 50 АҚШ доллары
54. Польша 35 евро
55. Куба 30 АҚШ доллары
Полная версия
ИС BestProfi