Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 29 мамырдағы
 № 673 бұйрығына 2-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 30.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығымен сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы уәждемелі жауап.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінішті және (немесе) стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы белгілеумен (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда) қабылдау 2 сағат ішінде және оны қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен құрылымдық бөлімшені анықтау 2 сағат ішінде;
3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушыны (бұдан әрі - жауапты орындаушы) анықтауы 2 сағат ішінде;
4) жауапты орындаушы өтінішті белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарастыруы 2 сағат ішінде;
5) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы мыналарды қамтамасыз етеді:
диплом беру бойынша емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) рәсімдеу 1 жұмыс күні ішінде;
кәсіби дипломды беру 19 жұмыс күні ішінде;
кәсіби дипломның телнұсқасын беру 1 жұмыс күні ішінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасын немесе бас тарту рәсімдеу және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) кәсіби дипломның немесе кәсіби дипломның телнұсқасында немесе бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
3) қол қойылған кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасын немесе бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық түрдегі өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды, олардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, кәсіби дипломның телнұсқасын берген жағдайда жауапты орындаушы электрондық өтінімді және өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан құжаттар келіп түскен кезден бастап қарайды және кәсіби дипломның телнұсқасын ресімдейді;
5) жауапты орындаушы электрондық өтінішті және (немесе) қызметті берушінің өтінішін 9 жұмыс күні ішінде қарастырып болғаннан кейін көрсетілетін қызмет алушыға дипломдаудың өту орны мен уақыты туралы хабарламаны, ал өтінішті портал арқылы ұсынған жағдайда, көрсетілген хабарламаны «жеке кабинетіне» жолдайды:
хабарламаны 8 жұмыс күні ішінде рәсімдеу;
хабарламаға 1 жұмыс күні ішінде қол қою;
6) жауапты орындаушы хабарламаны жіберілгеннен кейін 9 жұмыс күні ішінде дипломдау бойынша емтиханды өткізу дайындығымен айналысады;
7) хабарламада белгіленген мерзімде жауапты орындаушы 1 жұмыс күні ішінде дипломдау бойынша емтихан өткізуді ұйымдастырады, яғни дипломдауға жататын адаммен кеменің командалық құрамының білім деңгейін анықтау үшін әңгімелесу;
8) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет алушыны дипломдау бойынша емтихан тапсырғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломды рәсімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде кәсіби диломға, кәсіби дипломның телнұсқасына немесе бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жібереді;
10) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметшісі 4 сағат ішінде кәсіби дипломды, кәсіби дипломның телнұсқасын немесе бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
4 тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және ресімдері (іс-қимылдары) дәйектілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылысың № 1, 2 диаграммаларында көрсетілген:
1) кәсіби дипломды алуға өтінімді ұсынған кезде:
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алу үшін (деректерді енгізу) электрондық өтінімнің нысанын толтыруы;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы салуды электронды үкіметінің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ жіберу;
1-шарт - ЖТ МДҚ - да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3-процесс - ЖТ МДҚ - да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтініштерді тіркеу;
5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға көрсетiлетін қызметті берушіге беру үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес бірегей қоса берілген құжаттарымен нөмірі бар өтінішті көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
2-шарт - көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
7-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту;
8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің электронды цифрлық қолын (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
3-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
9-процесс - 3-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
10-процесс - кәсіби дипломды беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кәсіби дипломның әзірлігі туралы хабарлама жіберу;
2) кәсіби дипломның телнұсқасын алуға өтінімді ұсынған кезде:
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті портал арқылы таңдауы, жеке кабинетке кіру, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тіркеу куәлігін алу үшін (деректерді енгізу) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінім нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қол қоюы;
2-процесс – қызмет алушының деректері туралы салуды ЭҮШ ЖТ МДҚ жіберу;
1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуын тексеру;
3-процесс - ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтінімді тіркеу;
2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
5-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
6-процесс - кәсіби дипломды телнұсқасын беру және (немесе) көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кәсіби дипломның телнұсқасын әзірлігі туралы хабарлама жіберу.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс–қимылдары дәйектілігін егжей-тегжейлі сипаттауы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттың жүйелерді пайдалануың сипаттауы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.
« Кемелердің командалық құрамының
 адамдарына диплом беру» мемлекеттік
 көрсетілетін кызмет регламентіне
 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
« Кемелердің командалық құрамының
 адамдарына диплом беру» мемлекеттік
 көрсетілетін кызмет регламентіне
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi