Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2015
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/374 бұйрығымен бекітілген
7-қосымша
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 жылғы № 7-1/764 Бұйрығына сәйкес
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекция (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңселері;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураны (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған Стандарттың 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – өтініш) құжаттар тізімін ұсыну негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) аумақтық инспекция кеңселерінің қызметшісі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі- 30 минуттан артық емес;
2) аумақтық инспекция басшылығының жауапты орындаушыны таңдау - 2 сағаттан артық емес;
3) жауапты орындаушының құжаттарды қарауы, сұранысқа өтініш түскен күні ұсынылған дайындаудың нәтижесі бойынша:
лицензия және лицензия қосымшасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде;
лицензияны және лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу кезінде 15 жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны және лицензия қосымшасының телнұсқасын беру 2 жұмыс күнінің ішінде;
4) жауапты тарапқа лицензияны және лицензия қосымшасын дайындау, лицензияны, қайта рәсімдеуді және лицензия қосымшасының дубликатын ветеринария саласында қызмет ету немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға көрсетілетін қызметті беруші басшының қол қоюы 2 сағаттан артық емес;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері - 30(отыз) минуттан артық емес.
1. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
3) жауапты тарапқа лицензияны және лицензия қосымшасын дайындау, лицензияны және лицензия қосымшасының дубликатын ветеринария саласында қызмет ету немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тарту;
4) электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің электронды сандық қолымен(әрі қарай - ЭСҚ);
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
2) қарайтын және шешім жобасын әзірлейтін жауапты орындаушы;
3. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіп, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін портал арқылы не қағаз тасығышта және аумақтық инспекция басшысы арқылы берген аумақтық инспекция кеңселерінің қызметшісі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу 30 минуттан артық емес;
2) аумақтық инспекция басшысы жауапты орындаушыны 2 сағаттан артық емес анықтайды және орындауға жібереді;
3) өтініш түскен күні жауапты орындаушы ұсынылған құжаттың толықтығы мен нақтылығын тексеру, лицензияны және лицензия қосымшасын дайындау, лицензияны, қайта рәсімдеуді және лицензия қосымшасының дубликатын ветеринария саласында қызмет ету немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға көрсетілетін қызметті беру мерзімі Стандарттың 4 тармағында көрсетілген;
4) жауапты тарапқа лицензияны және лицензия қосымшасын дайындау, лицензияны, қайта рәсімдеуді және лицензия қосымшасының дубликатын ветеринария саласында қызмет ету немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметке дәлелді бас тартуға көрсетілетін қызметті беруші басшының қол қоюы 2 сағаттан артық емес;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері - 30(отыз) минуттан артық емес.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» осы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасында келісілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін береді.
6. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) жүйелілігінің сипаттамасы.
Портал арқылы қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары мен шешімдері осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы порталмен тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталмен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру.
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» порталында (бұдан әрі - «Е-лицензиялау») электрондық рұқсатты (көрсетілетін қызметті алушының өтініші) тіркеу және өтінішті өңдеу;
11) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялауда» ұйымдастырылған қызмет қорытындысын (рұқсат) алу. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.
Қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары мен шешімдері осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялауға» логині мен паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орындаушысы туралы деректердің дұрыстығын логин мен пароль арқылы «Е-лицензиялауда» тексеру;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты «Е-лицензиялауда» авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Жеке тұлғалар» (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) немесе «Заңды тұлғалар» (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорына «электрондық үкімет» шлюзі арқылы сұратуды жолдау;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ / ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – өтініш нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды өтініш нысанына тіркеуі;
9) 7-үдеріс – сұратуды «Е-лицензиялауда» тіркеу және өңдеу;
10) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратқан қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялауда» қалыптасқан қызмет қорытындысын (электрондық рұқсат) алуы. Электрондық рұқсат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Ветеринария
саласындағы қызметпен
айналысуға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
 «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 
 
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Ветеринария
саласындағы қызметпен
айналысуға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Ветеринария
саласындағы қызметпен
айналысуға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
3 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы
Полная версия
ИС BestProfi