Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.12.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 тіркелген) «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта рәсімдеу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.06.2018 жылғы № 250 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) алу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің өтінішті келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
5-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжатты беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушының құжаттар толықтығын 3 (үш) сағат ішінде тексеруі;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 3 (үш) сағат ішінде дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, орындаушы келесі бірізділік іс-қимылдарды жүзеге асырады:
орындаушы 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті аумақтық бөлімшесіне рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу үшін сұрату дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің тиісті аумақтық бөлімшесіне сұратуды көрсетілетін қызметті беруші басшысының 1 (бір) сағат ішінде келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) сағат ішінде сұратуға қол қоюы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері аумақтық бөлімшеге сұратуды Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде 1 (бір) сағат ішінде тіркейді;
аумақтық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және оның нәтижесі бойынша қорытынды ұсынады;
орындаушы аумақтық бөлімшенің қорытындысы негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытынды келіп түскеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
5-тармақтың он жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келісуі;
5-тармақтың он сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
5-тармақтың он тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
5-тармақтың жиырмасыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерімен өтінішті келіп түскен күні тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны таңдауы;
орындаушының құжаттар толықтығын 3 (үш) сағат ішінде тексеруі;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 4 (төрт) сағат ішінде дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, орындаушы 4 (төрт) сағат ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуді жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы 2 (екі) сағат ішінде қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қол қоюы;
лицензияға және (немесе) лицензия қосымшасына көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған соң өтініш беруші оны автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде алады.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
танысқан және салынған бұрыштама;
қарастырылған құжаттар топтамасы;
шығыс нөмірі бар тіркелген сұрату;
аумақтық бөлімшемен ұсынылған қорытынды;
дайындалған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) орындаушы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
5) тиісті аумақтық бөлiмше.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.06.2018 жылғы № 250 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті келіп түскен күні 1 (бір) сағат ішінде тіркейді және тіркелген өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны анықтауы;
орындаушының 3 (үш) сағат ішінде құжаттардың толықтығын тексеруі;
өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындау және беру;
сәйкестігіне қарау және лицензияны 6 (алты) жұмыс күні ішінде беру.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.06.2018 жылғы № 250 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия