1. «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.12.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күнінен бастап тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі (егер қызмет алушыдан жұмыс күнінен кейін 18-30 өтініш келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндері өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
5-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушының құжаттар толықтығын 3 (үш) сағат ішінде тексеруі;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
лицензия алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде сәйкестігіне қарастырады;
орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауды жүргізеді;
5-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келісуі;
5-тармақтың он екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
5-тармақтың он үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
5-тармақтың он төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
танысқан және салынған бұрыштама;
қарастырылған құжаттар топтамасы;
дайындалған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) қөрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) орындаушы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкері 1 (бір) сағат ішінде өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны анықтайды;
орындаушы 3 (үш) сағат ішінде құжаттардың толықтығын тексереді;
өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) сағат ішінде дайындау және беру;
сәйкестігіне қарау және лицензияны 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде беру.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия