Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 22 мамырдағы
 № 369 бұйрығына 5-қосымша
«І санаттағы объектілер үшін жасалған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.12.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық түрде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, рұқсатты қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін (бұдан әрі- рұқсат):
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні өтінішті тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 5 (бес) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжатты беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығына тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 4 (төрт) сағатішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң қызметті алушы автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда орындаушы олардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін 7 (жеті) жұмыс күні қарастырады;
қарастырудың нәтижесі бойынша орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты беруді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні қызметті алушы оны автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде алады;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің өтінішті келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 5 (бес) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжатты беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің орындаушысын таңдауы;
орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығына және сәйкестігіне тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң қызметті алушы автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда орындаушы 8 (сегіз) күнтізбелік күн ішінде рұқсатты қайта рәсімдеуді дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде қайта рәсімделген рұқсатты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде қайта рәсімделген рұқсатқа қол қоюы;
қайта рәсімделген рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні қызметті алушы оны автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде алады.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
толықтығына және сәйкестігіне қарастырылған құжаттар топтамасы;
дайындалған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) сағат ішінде (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) өтінішті қабылдайды және тіркейді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 5 (бес) сағат ішінде бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны таңдауы;
орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды толықтығына және сәйкестігіне тексереді;
ұсынылған құжаттарды сәйкестікке тексеру және қарастырудың нәтижесі бойынша рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді жүргізу 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімдеу және беру;
рұқсатты қайта ресімдеу және оны беру 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«І санаттағы объектілер үшін
экологиялық рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi