Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 22 мамырдағы
 № 369 бұйрығына 8-қосымша
«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау  саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 
23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызмет алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушы: куәлікті беруге 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде, қайта рәсімделген куәлікті беруге 4 (төрт) күнтізбелік күннен кешіктірмей, куәліктің телнұсқасын беруге 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағынада көрсетілген тізбеге сәйкес қарайды;
орындаушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе почта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсім (іс-қимыл) нәтижелері:
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
шығыс нөмірі бар тіркелген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оны беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) тиісті құрылымдық бөлімше басшылығы;
3) тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушы: куәлікті беруге 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде, қайта рәсімделген куәлікті беруге 4 (төрт) күнтізбелік күннен кешіктірмей, куәліктің телнұсқасын беруге 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағынада көрсетілген тізбеге сәйкес қарайды;
орындаушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе почта арқылы жібереді.
9. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) блок-схемасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы
11. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну тәртібінің және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің логин мен парольдi ЕЛ МДБ АЖ-ға енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң дұрыстығын ЕЛ МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеруі;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МДБ АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – осы регламентте көрсетiлген қызметтi көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiметтiң шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жiберу;
1-тармақшаның алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
1-тармақшаның жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
1-тармақшаның сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрауды ЕЛ МДБ АЖ-да тiркеу және ЕЛ МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының куәлік беру шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн көрсетiлетін қызметті берушінің тексеруi;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
2) көрсетiлетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторизациялау процесi);
1-шарт – порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң төлнұсқалығын логин (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы тексеру;
2-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-рәсiм – порталдың көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, сұрау нысанына электронды түрде қажеттi құжаттарды тіркей отырып, көрсетiлетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрауды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректер) куәландыруы (қол қоюы);
6-рәсiм – ЕЛ МДБ АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушiнің жұмыс кестесі Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген. 
12. Электрондық қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңестерді порталдың call-орталығының телефонына хабарласу арқылы (1414) алуға болады.
«Парниктік газдар шығарындылары
 мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ
 парниктік газдарды түгендеу туралы
 есепті растау саласындағы кәсіби
 верификациялық және валидациялық
 (детерминациялық) қызметті жүзеге
 асыратын тәуелсіз ұйымдарды
 аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне 1-қосымша
Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) блок-схемасы
«Парниктік газдар шығарындылары
 мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ
 парниктік газдарды түгендеу туралы
 есепті растау саласындағы кәсіби
 верификациялық және валидациялық
 (детерминациялық) қызметті жүзеге
 асыратын тәуелсіз ұйымдарды
 аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне 2-қосымша
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi