Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 22 мамырдағы
 № 369 бұйрығына 8-қосымша
«Экологиялық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.12.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «Экологиялық ақпарат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - экологиялық ақпарат.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға экологиялық ақпарат беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 3 (үш) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) таңдауы;
орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпараттың Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының деректер базасында болуын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызмет беруші кеңсесіқызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеуі және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беруі немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойған күні 1 (бір) жұмыс күн ішінде пошта арқылы жібереді.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
экологиялық ақпаратты беру туралы кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
жауапты орындаушыға өтінішті тапсыру;
сұратылып отырған ақпараттың болуын тексеру;
дайындалған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;
келісілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
шығыс нөмірі бар тіркелген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оны беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға экологиялық ақпаратты беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкері оның келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде береді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттқа бұрыштама жазады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 3 (үш) сағат ішінде жауапты орындаушысын таңдайды;
орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпараттың Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының деректер базасында болуын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
орындаушы көрсетілетін қызметті беруші басшылығына 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойғызады;
көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беруі немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойған күні 1 (бір) жұмыс күн ішінде пошта арқылы жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы
10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы, көрсетiлетiн қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының автоматтандырылған жұмыс орны интеграцияланған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО АЖО ИАЖ) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ кұпиясөзін (авторизация процесі) енгізуі;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішке қол қойған адамның жеке басын сәйкестендіруі;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
 4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттар тоқтамасын қызмет көрсетушінің кеңсесіне алдағы тапсыру үшін өтінішті Жинақтау секторына жіберу;   
 5-рәсім – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы   15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1-тармағы  12)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;  
шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және ХҚКО АЖО ИАЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
6-рәсім - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруi;
7-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО АЖО ИАЖ-ға енгізуі, құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау нысанына тіркеп қоюы және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмінің негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауын, өзiнің қызметтiк мақсатына берілген өтінішін куәландыруы;
8-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО АЖО ИАЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
9-рәсім - Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерінің құжаттар пакетін қызмет берушінің кеңсесіне жіберу, Мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарынан қызмет берушінің кеңсесіне құжаттар пакетінің жеткізуі мамандандырылған желісі арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн қажеттi құжаттар тізбесі стандарттың 9-тармағында анықталған.
10-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетiлетiн қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алутәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол алу;
 2) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алу ұзақтығы      –20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызметті көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш-қолхат бланкісі жыртылмалы талонының негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке тұлға куәландыратын құжатын көрсетіп, Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының алғандығы туралы міндетті белгісін қойғыза отырып, оған мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
 Көрсетілетін қызметті алушының кінәсі бойынша мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.   
«Экологиялық ақпарат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне қосымша
«Экологиялық ақпарат беру»мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi