Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 211 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қыркүйекте № 12057 болып тіркелді
Редакция 13.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 12.04.2016 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (13.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 30.11.2016 жылғы № 268 Бұйрығына сәйкес (12.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 06.12.2018 жылғы № 17-5-6/326 Бұйрығына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 28.03.2019 жылғы № 17-5-6/82 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстар әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру бойынша, сондай-ақ жекеше орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
3) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат беріп тұрсын.
2-1. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.
Осы Бұйрық 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 30.11.2016 жылғы № 268 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Б. Азбаев
Полная версия
ИС BestProfi