«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қазанда № 12134 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-274/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.01.2018 жылғы № 1 Бұйрығымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-27/2020 Бұйрығына сәйкес (03.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 176-бабының 3-тармағына, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) маман - медициналық бiлiмi бар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алған жеке тұлға;
2) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
Полная версия