Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 26 маусымдағы
 № 730 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 12.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбашща дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын (бұдан әрі – халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары) (олардың ресми аудармаларының) тіркеу нөмірін бере отырып есепке алу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерiнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алу тіркелімін жүргізу туралы өтініш (еркін нысанда);
2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын және олардың мемлекеттiк және орыс тілдеріндегі теңтүпнұсқалық аудармасын екі көшірмесі. Шетел тілінен аударманы растауды уәкілетті орган жүзеге асырады;
3) пайдаланушыны осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушының құжаттарды үшінші тұлғаларға беру құқығын растау немесе жоққа шығару жөніндегі төлнұсқа ұстаушының (немесе оның ресми таратушысының) міндеттері қамтылған халықаралық стандарттардың және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының төлнұсқаларын ұстаушымен (немесе оның ресми таратушысымен) шарттың көшірмесі;
4) халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қатысты олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысының көшірмесі.
Ұсынылатын нормативтік құжаттардың әрбір данасы нөмірленеді, тігіледі және көрсетілетін қызметті алушының мөрімен бекітіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде қағаз тасығышта өтініштің қабылдағанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі болып табылады.
9-1) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген) Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) олардың құзыретіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органның шет мемлекеттерді стандарттау бойынша халықаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды тіркеу үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-44-55.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. 
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. 
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
1) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады не заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-07-12.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Полная версия
ИС BestProfi