Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 18-03/390 бұйрығына
 2 қосымша
«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап:
аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алуға квоталар бөлу кезінде – аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталар бөлу кезінде – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алу лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес;
3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиісті жергілікті атқарушы органдарға жолданатын бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға квоталар бөлу жөніндегі хаттама не мемлекеттік қызметті көрсетудің бас тарту туралы уәжді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға квоталар бөлу туралы хабарлама жіберіледі
Полная версия
ИС BestProfi