Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 18-03/390 бұйрығына
 6 қосымша
«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған);
5-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.
6-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат:
9-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін қолдан өсірілгені туралы растайтын құжаттар және ұйымның жобалық қуатын растайтын құжаттар беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Полная версия
ИС BestProfi