«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі мен шарттарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11772 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.11.2019 жылғы № 176 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін Қағидаларға сәйкес келтірсін.
4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Амангелдиев А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Министрдің м.а. М.Құсайынов 2015 жылғы 1 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Министр Ә.Исекешев 2015 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысымен бекітілген
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі мен талаптарын айқындайды.
Полная версия

