Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 803 қаулысы
Редакция 28.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 803 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2024 жылғы № 553 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәсіпорын қызметінің мәні:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып айқындалсын.».
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 3-құжат):
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 250-құжат):
«2) эпизоотиялық мониторинг;».
Полная версия