Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 799 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 799 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Р/с № | Есептіліктің атауы | Орналастыру кезеңділігі | Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан) | тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
2. | Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері (7-нысан) | жылына 1 рет 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап 80 күнтізбелік күн өткеннен кейін | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
3. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан) | тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін | ПӘ, ПМК, ҰЭМ,Қаржымині, БП, МҚСЖҚА |
4. | Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан) | жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
5. | 20___ж. «___» _______ жағдай бойынша инвестициялық жобалар бойынша инвестициялардың игерілуі және олардың қуаты туралы ақпарат (10-нысан) | тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай | ПӘ, ПМК, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині |
6. | Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан) | ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде | ПӘ, ПМК, ИДМ |
7. | Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (12-нысан) | ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
8. | Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі 20___ж. «___» _______ есеп (13-нысан) | ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
9. | Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан) | жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) | ПӘ, ПМК, ИДМ |
10. | Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып) | жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
11. | Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп | даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде | ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині |
12. | 20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы (15-нысан) | жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) | ҰЭМ, Қаржымині |
13. | 20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат (16-нысан) | жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) | ҰЭМ, Қаржымині |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚСЖҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 799 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
15-нысан
20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы
Р/с № | БСН | ҰҚН | Деңгейлер және ұйым атауы | Негізгі компанияның атауы | Иелену үлесі |
1-деңгей | |||||
1. | Қор | ||||
2-деңгей | |||||
1. | |||||
2. | … | ||||
n-деңгей | |||||
1. | |||||
2. | … | ||||
Барлық деңгейлер бойынша ұйымдардың жалпы саны |
16-нысан
20___ж. «___» _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат
Р/с № | Компания атауы | БСН* | ҰҚН ** | Негізгі компанияның атауы | Иелену үлесі |
1. | 1-деңгей | ||||
2. | 2-деңгей | ||||
3. | n-деңгей | ||||
Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың жалпы саны |
* компанияда БСН болған жағдайда толтырылады
** «ҰҚН» тобына қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялар, қаржылық инвестициялар, басқа ұйымдардағы қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялардың иелену үлестері кіреді, сондай-ақ осы бағанда Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компанияларды атап өту қажет
Қор құрылымына кіретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың саны туралы туралы жиынтық ақпарат:
Бірінші деңгейдегі компаниялар саны ___
Екінші деңгейдегі компаниялар саны ___
n деңгейдегі компаниялар саны ___
Қор тобы бойынша барлық компаниялар ___
Полная версия