«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11606 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 жылғы № 80 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 17.05.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
1-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты.
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Е.Досаев _______________2015 жылы
Полная версия