Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму
 Министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 521 бұйрығына 2-қосымша
«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 20.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 2 (екі) жұмыс күні
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі- ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнмен жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болғанда.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойыншакөрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы «жеке кабинетінен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жанартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983-414, 8 (7172) 983-417. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жер асты суларын, емдік балшықты
 және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
 жер қойнауын пайдалануға арналған
 келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу туралы 
КУӘЛІК
20 __ жылғы «___» _____________ № _____________________________________
(қала, аудан) 
Кепіл беруші: _________________________________________________________ 
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
 мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) 
Кепіл ұстаушы: _____________________________________________________________________ 
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы) ________________
_____________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы) 
Келісімшарт/лицензия:_________________________________________________ 
(келісімшарттың/лицензияның нөмірі мен жасалған күні)
Міндеттеменің сомасы: ________________________________________________ 
санмен және жазумен) 
Міндеттемені өтеу мерзімі: _____________________________________________ 
(күні) 
Ескертпе: ____________________________________________________________ 
Жер қойнауын пайдалану құқығн кепілі туралы шартты тіркеу туралы куәлікті
 берген мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
«Жер асты суларын, емдік балшықты
 және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
 жер қойнауын пайдалану құқығының
 кепіл шартын тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша
2-қосымша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi