Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2018
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 461 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қыркүйекте № 12121 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 12 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 ж. № 159 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 318 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10158 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 10 сәуірінен жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 220-1 жолымен толықтырылсын:
220-1 ҚР ҚМ МКК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД Қаратау ауданы бойынша МКБ 5825
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi