«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2016 жылғы № 39 Бұйрығымен (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат) не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, Мемлекеттік корпорациядан алынған қоса берілетін құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің болуы (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығымен (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2017 жылғы № 392 Бұйрығына сәйкес (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды дайындайды және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі – ведомство) жолдайды немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуға қол қоюға арналған сұранымды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
4) ведомство 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға және күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде тірі жануарларды карантиндеуден өткізуді басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, сұранымды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға немесе тірі жануарларды карантиндеуден өткізуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілмесе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;