Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрі міндетін
 атқарушысының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 640 бұйрығына 3-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 10.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 498 Бұйрығына сәйкес (02.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.08.2019 жылдан бастап)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру немесе стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес, өтініш беру болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері екі сағат ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
4) салалық басқарма басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді;
5) орындаушы күнтізбелік он екі күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне жасалу (ресімделу) дұрыстығын тексереді), рұқсат беруге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) салалық басқарма басшысының төрт сағат ішінде рұқсат беруге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
Полная версия
ИС BestProfi