Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрі міндетін
 атқарушысының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 640 бұйрығына 5-қосымша
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.05.2018 жылғы № 296 Бұйрығымен (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.10.2019 жылғы № 809 Бұйрығына сәйкес (02.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген) бекітілген «Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес, өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (немесе оны алмастыратын адам) 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.
6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі:
3) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;
4) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімді ресімдеу;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібі сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы рәсімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының қарауына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысының орындауына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің жауапты орындаушысын тағайындауы 1 (бір) сағат ішінде;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар пакетінің толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлім басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оны алмастыратын адамның) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы 1 (бір) сағат ішінде;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – МД) беру.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы өтініш беру және рәсімдер (іс-әрекетің) кезектілігінің тәртібі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің № 1 және № 2 диаграммаларында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталға өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және құпиясөзді енгізеді (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және құпиясөз арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда бас тарту туралы хабарламаның порталмен қалыптасуы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығарып, сұрау салу нысанына көрсетілген қажетті құжаттар топтамасы электрондық көшірмесінің құрылымына және нысан талабына сай көрсетілетін қызметті алушы нысанын (мәліметтердің енгізілуі) толтыру, сондай-ақ сұранысты растау (қол қою) үшін электрондық сандық қолтаңбаны тіркеу куәлігін мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші тарапынан таңдау;
6) 2-шарт – электрондық сандық қолтаңбаның тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен электрондық сандық қолтаңбасы тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН сәйкестендіру мәліметінің шынайылығын порталда тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасының түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырау;
8) 5-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрауды «Е-лицензиялау» МД-де өңдеу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
10) 6-процесс – «Е-лицензиялау» МД арқылы қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолтаңбасын қолдану арқылы қалыптасады.
Көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) кезектілігін сипаттамау:
1) 1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «Е-лицензиялау» МД арқылы логин мен құпиясөз арқылы (авторизациялау процессі) енгізеді;
2) 1-шарт – логин мен құпиясөз арқылы көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгендігі туралы мәліметтердің шынайылығын
3) 2-процесс – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіні көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі;
4) 3-процесс – сұранысты электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорға (бұдан әрі – ЗТ МД) жолдау;
5) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің ЗТ МД-да болуын тексеру;
6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің ЗТ МД-да болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыпастыру;
7) 5-процесс – электрондық нысандағы құжаттардың болуы туралы белгілеу бойынша сұраныс нысанын толтыру;
8) 6-процесс – сұранысты «Е-лицензиялау» МД-да тіркеу және өңдеу;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші тарапынан көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі.
Өтінішті өңдегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі төмендегідей ұсынылады:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тарихындағы «шығатын құжатты қарау» түймесін басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» түймесін басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі тұтынушының «РDF» форматындағы магниттік тасымалдағышта сақталады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің кезектілігін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін жан-жақты сипаттау мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
«Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасы
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің № 2 диаграммасы
Полная версия
ИС BestProfi