Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 cәуірдегі № 553 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12072 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 25.05.2021 жылғы № 359-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет – ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет – порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі 
__________ А. Мамытбеков 
2015 жылғы 5  тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтiк даму министрі 
___________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы 15 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
____________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 12 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 7 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
_____________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 25 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
____________ В. Школьник 
2015 жылғы 19 маусым
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 553 бұйрығымен бекiтiлген
Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi