Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/605 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 қыркүйекте № 12058 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
 «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
 Қазақстан Республикасының 
 Қаржы министрі 
 _________ Б. Сұлтанов 
 2015 жылғы " "
 «КЕЛІСІЛГЕН» 
 Қазақстан Республикасының 
 Ұлттық экономика министрі 
 _________ Е. Досаев 
 2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/605
 бұйрығымен бекітілген
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары
1. Осы Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) индоссамент – мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды басқа адамға беруді куәландыратын беру жазбасы;
2) индоссант – мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды беретін тұлға;
3) индоссат – мақта қолхаты немесе оның куәліктері бойынша құқықтарды қабылдайтын тұлға;
4) кепіл куәлігі – мақта қолхатының оның ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындауды талап ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
5) қойма куәлігі – мақта қолхатының оны ұстаушының мақтаға иелік ету құқығын куәландыратын бір бөлігі;
Полная версия
ИС BestProfi