Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 шілдеде № 11678 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізудің қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі – ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жанар-жағармай материалдары қызметі немесе дербес заңды тұлға - авиаотынымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҰ) қамтамасыз етеді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)