«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Есепке алу құжаттарының тізбесі менн ысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-1/613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12044 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының тізбесі, есептілікті ұсыну мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымының мақта қабылдау пункттерiнiң болуы туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымы ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мақтаның сапасын айқындау үшін өндiрiстiк-технологиялық зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымының есепке алу және есептiлiк құжаттарының бар-жоғы туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктi ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі, зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiндегі мақта өңдеу ұйымының есепке алу және есептiлiк құжаттарының бар-жоғы туралы есеп нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауыты мен мақта қабылдау пунктiнде карантиндiк, зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерден зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу туралы есеп нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымының кадрлармен қамтамасыз етiлгенi, жұмыскерлердің бiлiктiлiгi және тәжiрибесi туралы есеп нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес мақта нарығының мониторингiн жүргiзу мәселелері бойынша есеп құжаттарының тiзбесi, есептілікті ұсыну мерзiмдерi;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапалық жай-күйі туралы есеп нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң барлық санаттағы шаруашылықтарда бар-жоғы және қозғалысы туралы есеп нысаны;
Полная версия