Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2020
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11671 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2016 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (11.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9558 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Cәрінжіпов
Полная версия
ИС BestProfi