1. «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсететін қызмет).
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 1-қосымша
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау:
1)көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған кезінен бастап: 1 сағат;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 45 минут.
2) өтінішті портал арқылы беру кезінде: 45 минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жүк көлік құралдарының салмағын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі - сертификат) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жеткізгіште.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күнді және алатын орнын көрсете отырып, хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы;
2) порталда - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) порталда:
порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Өтінішті портал арқылы берген кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға бөлатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
9-1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттар шағымға қоса беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Министрліктің мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына (www.miid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы» парағы).
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын алу үшін өтініш
1. Көлiк операторының атауы (толық мекен-жайы, елiн қоса алғанда) |
|
|
Телефон № |
|
|
Факс № |
|
|
Электрондық поштасының атауы |
|
|
2. Тасымалдау шартының № 1 |
CARNET TIR № (егер қолданылса) 2 |
|
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат |
||
3.1. Тіркеу номері |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің |
3.2. Подвеска жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің ☐ әуедегі ☐ механикалық ☐ басқаша |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің ☐ әуедегі ☐ механикалық ☐ басқаша |
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болса) ______________________
______________________________________________________________
(қысқартусыз көрсету)
Ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы____________________ 20 ____ жылғы «____» _____________
«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
|
KZ |
000000 A |
|||||||||||||||||||
елдің коды; |
Сертификат нөмірі |
||||||||||||||||||||
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУ СЕРТИФИКАТЫ (ХЖКҚӨС) |
|||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||
Көлік операторы /көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгенге дейін толтырады |
|
|
|
||||||||||||||||||
1. Көлік операторы (елді қоса алғанда ұйымның атауы және мекенжайы) |
Тел. № |
|
|
|
|||||||||||||||||
Факс № |
|
|
|
||||||||||||||||||
Электрондық почта |
|
|
|
||||||||||||||||||
2. Тасымалдау шарты № 1 |
CARNET TIR № (егер қолданылатын болса) 2 |
|
|
|
|||||||||||||||||
3. Жүк автокөлік құралы туралы мәліметтер |
|
|
|
||||||||||||||||||
3.1. Тіркеу нөмірі |
Сүйрегіш/жүк автомобилінің |
Жартылай тіркеменің/ тіркеменің |
|
|
|
||||||||||||||||
3.2. Аспа жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автомобилінің ☐ әуедегі ☐ механикалық ☐ өзгеше |
Жартылай тіркеменің/ тіркеменің ☐ әуедегі ☐ механикалық ☐ өзгеше |
|
|
|
||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||
Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері толтырады |
|
|
|
||||||||||||||||||
4. Уәкілетті өлшеу станциясы (елді қоса алғанда коды, атауы және мекенжайы) |
5. Көлік құралын өлшеу № 3 _______. ___________. ____________ |
|
|
|
|||||||||||||||||
4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік сыныбы 4 ☐ III сынып немесе одан жоғары және/немесе ☐ ‹ 1 ☐ 1 ☐ 2 |
6. Беру күні (күні, айы, жылы) |
|
|
|
|||||||||||||||||
7. Жүк көлік құралдарын өлшеу (осы сертификатқа өлшеу станциясының түпнұсқа ресми жазбасы қоса берілуге тиіс) 7.1. Жүк көлік құралының түрі 5 6 |
|
|
|
||||||||||||||||||
7.2. Оське жүктемені өлшеу, кг мен |
|
|
|
||||||||||||||||||
|
Жетекші |
Жетекші емес |
Дара |
Қосарланған |
Үш білікті |
|
|
|
|||||||||||||
Бірінші ось |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
Екінші ось |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
Үшінші ось |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
Төртінші ось |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
Бесінші ось |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
Алтыншы ось 7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
7.3. Көлік құралының толық салмағын өлшеу (кг) |
Сүйрегіш/ жүк автомобилі (кг) |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг) |
Автокөлік құралының толық салмағы (кг) |
|
|
|
|||||||||||||||
8. Ерекше өлшеу сипаттамасы |
|
|
|
||||||||||||||||||
8.1. Қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға дейін: ☐1/4 ☐ 1/2 ☐ 3/4 ☐ 1/1 |
8.3. Қосалқы шина саны (дана) |
|
|
|
|||||||||||||||||
8.2. Қосымша отын багін толтырғанға дейін: ☐1/4 ☐ 1/2 ☐ 3/4 ☐ 1/1 (суытқыш құрылғысы үшін отынды қоса алғанда) |
8.4. Өлшеу кезінде автокөлік құралындағы адамдар саны ________ |
|
|
|
|||||||||||||||||
8.5. Көтерілетін осьтің бары ☐Иә ☐ Жоқ |
|
|
|
||||||||||||||||||
Жоғарыда көрсетілген өлшеуді төмендегі қол қойғандар жүргізгенін уәкілетті өлшеу станциясында өлшенгенін және дәл болып табылатынын мәлімдеймін |
Қолы |
|
|
|
|||||||||||||||||
Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі және дербес коды |
Мөр |
|
|
|
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2-бетте Ескертпені қарау
4 МОЗМ ұсынысына сәйкес
5 Халықаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін белгіленген ең жоғары рұқсат етілген габариттер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған ең жоғары рұқсат етілген өлшеу белгісі
6 схемалық суреттер бойынша көлік құралы түрінің коды, мысалы А2 немесе A2 S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2-бетте «Ескертпе» параграфта көрсетілсін
9. Көлік операторы/автокөлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгеннен кейін толтырады |
||||
Мен мыналарды мәлімдеймін: (а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді (в) 1-8 бағандағы ақпарат қатесіз енгізілді (с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына қосымша ешқандай жүк салынған жоқ |
||||
Күні |
Жүк көлік құралының жүргізушісінің/жүргізушілерінің тегі ____________________, _____________________ |
Қолы |
||
Ескерту (егер болса) |
||||
|
||||
|
||||
10. Ерекше өлшеу кезінде (бақылау) өлшеу станциясының қызметкері толтырады (3, 7, 8) 8 |
||||
Өлшеу станциясы ________________________________________________ (елді қоса алғанда коды, атауы және мекенжайы) |
||||
Күні |
Өлшеу станция қызметкерінің тегі |
Қолы Мөр |
||
Ерекше өлшеу (бақылау) себебі және нәтижесі |
||||
|
||||
|
||||
Автокөлік құралын өлшеудің кодтық нөмірі дефиспен жалғанған үш элементті деректерден тұрады |
||||
(1) Елдің коды (1968 жылғы Жол қозғалысы туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес) |
||||
Армения |
ARM |
Молдова |
MD |
|
Әзірбайжан |
AZ |
Ресей |
RUS |
|
Беларусь |
BY |
Тәжікстан |
TJ |
|
Грузия |
GE |
Түрікменстан |
TM |
|
Қазақстан |
KZ |
Өзбекстан |
UZ |
|
Қырғызстан |
KS |
Украина |
UA |
|
(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қос таңбалы код |
||||
(3) Дара өлшеуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (ең аз болғанда), бес таңбалы код Мысалы: MD - 01- 23456 немесе RUS - 14 - 000510 Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналда көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс |
Осы сертификатты көрсеткен кезде ТМД елдерінің шекара өткелдерінде автокөлік құралдарын қайта өлшеу жүргізілмейді.
8 Осы бағанды тараптардың құзыретті органдары өлшеу станцияларының қызметін, сондай-ақ бұзушылық жасаған көлік оператырының іс-әрекетін бағалау үшін пайдаланады.