1. Осы «Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың сметалық құнын айқындауға арналған.
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік норматив құрылыс құнын айқындау үшін нормативтік негіз болып табылады және құрылыстағы баға белгілеу және объектілерді салуға арналған сметаларды (сметалық есептерді) жасау бойынша негізгі қағидаттардан және әдістемелік ережелерден тұрады.
3. Осы Мемлекеттік нормативтің нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағалардағы құрылыстың құнын айқындаудың ресурстық әдісі негізінде жасалған.
4. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;
2) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу – физикалық тұрғыдан тозуына және бұзылуына байланысты ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген бөліктерін немесе тұтас конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік-техникалық жабдығын қалпына келтіру немесе олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын неғұрлым ұзақ уақытқа төзімді және үнемділерғе ауыстыру жөніндегі жұмыстар;
3) жабдық – объектілердің технологиялық және инженерлік жабдығы;
4) жаңа құрылыс – жаңа объекті немесе өндірістік қуат жасау мақсатында жаңа алаңдарда жүзеғе асырылатын, пайдалануға енгізілгеннен кейін дербес теңгерімде болатын жаңадан құрылатын кәсіпорындардың, жеке өндірістердің жеке объектілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың, негізгі, қосалқы және қызмет көрсету объектілері кешенінің құрылысы, таратылатын кәсіпорынның орнына жаңа алаңға сондай немесе одан да көп қуаттағы (өнімділігі, өткізу қабілеті, ғимараттың немесе құрылыстың сыйымдылығы) кәсіпорынның құрылысы;
5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты (бұдан әрі - объект) кеңейту — жұмыс істеп тұрған объектіде қосымша өндірістерді, алаңдарды, қуаттылықтарды салу, сондай-ақ, қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттар жасау мақсатында жұмыс істеп тұрған объектілердің немесе оларға жақын орналасқан алаңдардың аумағына негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жаңа жеке цехтар мен объектілер салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту. Жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейтуге, сондай-ақ олардың құрамына кіретін филиалдар мен өндірістердің құрылысы жатады, олар пайдалануға енгізілгеннен кейін дербес теңгерімде болмайды. Егер жобалық пысықтау процесінде объектіні кеңейтумен бір уақытта негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жөндеуді жүзеге асыру қажеттілігі және оның экономикалық тиімділігі анықталса, тиісті жұмыстар мен шығындар объектіні кеңейту жобасының құрамына енгізіледі. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жөндеу жөніндегі жұмыстар мен шығындар сметалық және жиынтық сметалық есептерге жеке жолмен енгізіледі;
6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты қайта жаңарту – негізгі мақсаттағы жаңа объектілер мен цехтар салынбайтын және жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілмейтін, жаңа өнімді алуға, өндірісті жетілдіруге және ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы жетістіктерінің негізінде оның техникалық-экономикалық деңгейін жақсартуға бағытталған объектіні бірыңғай кешенді жоба бойынша қайта жарақтау; - ғимараттарды немесе құрылыстарды оның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен аумағы, құрылыс көлемі және ғимараттың жалпы алаңы, сыйымдылығы немесе өткізу қабілеті немесе оның мақсаты) жақсарту үшін қайта жарақтау, үй-жайларды жоспарлауды өзгерту, қондырғыны, жапсарласты, қосымшаны тұрғызу;
7) инженерлік жабдық – тұрмыстың қажетті жағдайларын және сумен жабдықтау (суық және ыстық), кәріз, жылу, ауаны желдету, баптау, газбен жабдықтау, электр жабдығы жүйелері құрылғыларын, көтеру-көлік құрылғыларын (лифтілер, эскалаторлар), қоқыс жинау, шаң жинау, өрт сөндіру, дабыл, телефонизация, радиофикация және ішкі абаттандырудың басқа да түрлерін қамтитын өндірістік қызметтің техникалық құрылғылар кешені;
8) құрылыстағы баға белгілеу – құрылыс өнімінің құнын белгілеу тетігі;
9) құрылыстың жоба алды сметалық құны – құрылыс жобасын сараптамаға оны ұсыну алдында, әзірлеуді аяқтау сатысына айқындалған және тиісті жиынтық сметалық есепте көрініс берген құрылыстың сметалық құны;
10) құрылыс кезегі – ғимараттар немесе құрылыстар тобының бір немесе бірнеше іске қосу кешендерінен тұратын құрылыстың бір бөлігі, оларды пайдалануға беру жобада көзделген өнімдерді шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Құрылыс кезегіне арналған жобалық-сметалық құжаттама құрылыс құрамында да және жеке жобамен де белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;
11) құрылыс – құрылысы, құрылыс құнының жиынтық сметалық есебімен бірге бірыңғай жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылатын әртүрлі мақсаттағы (өндірістік, әлеуметтік, көлік және басқа да инфрақұрылым) ғимараттар мен құрылыстардың (объектілердің) жиынтығы;
12) құрылыс ресурстары – жұмысшылар мен машинстердің еңбек шығындары, құрылыс машиналары мен тетіктері, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар, жабдық;
13) құрылыстың сараптама алды сметалық құны – тиісті жиынтық сметалық есепте көрініс берген құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен бекітуге ұсынылған құрылыстың сметалық құны;
Полная версия

