1. Осы Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде үстеме шығындардың шамасын айқындауға арналған.
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 2-қосымша
Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін ағымдағы бағалардағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Мемлекеттік норматив сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі заңнамаға сәйкес әзірленген және:
1) жалпы ережелерді;
2) үстеме шығындар нормаларын жіктеуді;
3) Үстеме шығындардың шамасы есебінің әдістемесін қамтиды.
4. Мемлекеттік норматив сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жобалау ұйымдарының және мердігерлік жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстарға қатысқанда баға ұсыныстарын жасау кезінде мердігерлік ұйымдардың үстеме шығындарының шамасын айқындауына арналған.
5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылыс алаңы – ұйымдық оқшауланған учаскені білдіретен жоба бойынша белгілі бір объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысы үшін бөлінген аумақ;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаушы – салынып жатқан объектіде өз күшімен құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындайтын құрылыс ұйымы және/немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) құрылыс өнімі – сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) соңғы нәтижесі;
4) қосалқы мердігер – негізгі мердігермен жасалған қосалқы мердігерлік шарты негізінде құрылыс және/немесе монтаждау жұмыстарының белгілі бір түрін орындайтын және осы объект бойынша шартпен көзделген барлық жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілікте болатын құрылыс ұйымы;
5) тікелей шығындар – оларды тасымалдаумен материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың, мердігер жеткізетін инженерлік жабдықтың құны, құрылысшы жұмысшылардың негізгі жалақысы және құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану құны;
6) үстеме шығындар – өндірістің жалпы жағдайларын жасаумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты, сондай-ақ, құрылыстың сметалық құнының басқа да құрамдастарымен ескерілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін құрылыс-монтаж ұйымдарының шығындарын өтеуге арналған қаражат сомасы;
7) үстеме шығындардың нормалары – бұл үстеме шығындардың шамасын есептеу үшін қолданылатын проценттер түріндегі салыстырмалы нысанда көрсетілген сметалық нормалар. Үстеме шығындардың сметалық нормалары шекті болып табылады және құрылыс өнімі құнының құрамына кіретін орташа салалық қоғамдық қажетті шығындарды көрсетеді.
2. Үстеме шығындардың нормаларын жіктеу
6. Инвестициялық үрдістің әртүрлі кезеңдерінде құрылыстың құнын айқындау кезінде үстеме шығындардың нормалары олардың арналуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
Полная версия

