1. Осы Құрылыс үшін жүктерді тасымалдау кезіндегі көлік шығыстарының шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау кезінде құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған шығындар есебінің әдістемесін белгілейді.
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 5-қосымша
Құрылыс үшін жүктерді тасымалдау кезіндегі көлік шығыстарының шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Осы Мемлекеттік нормативтің мақсаты мемлекеттік инвестициялардың есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін құрылысқа арналған жүктерді тасымалдаудың сметалық құнын айқындаудың бірыңғай әдістемелік негізін қамтамасыз ету болып табылады.
Басқа көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін Мемлекеттік нормативтің ұсынымдық сипаты бар.
3. Осы Мемлекеттік норматив құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалардың жинағын әзірлеуге және сметалық құжаттама құрамында көлік шығыстарының сметалық құнын айқындауға арналған.
4. Құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған көлік шығыстары тасымалдаудың ара қашықтығына байланысты бір тонна жүкті тасымалдаудың сметалық бағалары негізінде айқындалады.
Көлік шығыстарының калькуляциясына енгізілетін шығындар мөлшерін айқындау кезекті кезеңге бекітілген құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалардың жинағы бойынша жүргізіледі.
5. Құрылыс үшін жүктерді тасымалдау қашықтықтары тиісті өңір үшін оларды тасымалдаудың оңтайлы шарттары мен қашықтықтарын ескере отырып, жеткізудің көліктік схемалары негізінде айқындалады.
6. Темір жол көлігімен құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағалар Қазақстан Республикасында қолданылатын тарифтер жүйесі негізінде, жүктердің түрлеріне, тасымалдау қашықтығына, тарифтік схемалар мен вагондарға (платформалары және т.б.) тиеу нормаларына, вагондарды беру және жинау құнына, сондай-ақ, басқа да шарттарға байланысты анықталады.
7. Құрылыс үшін жүктерді автомобиль көлігімен және тракторлармен тасымалдауға арналған сметалық бағалары құрылыс үшін материалдарды, бұйымдар және конструкцияларды тасымалдау құнын айқындауға арналған.
Құрылыс үшін жүктерді автомобиль көлігімен және тракторлармен тасымалдауға арналған сметалық бағалар жинағында (бұдан әрі – Жинақ) жиынтықталады.
Жинақты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді және қолданысқа енгізеді.
Жинақтың сметалық бағалары Қазақстан Республикасының әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы үшін әзірленеді.
Жинақ кезекті кезеңге әзірленеді.
Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын анықтау бойынша ережелерге (ресурстық әдіс) сәйкес құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған сметалық бағаларда автокөлік құралдарының жүргізушілерінің жалақысы көрсеткіштеріне есептелген автокөлік кәсіпорындарының үстеме шығындары ескеріледі.
Автокөлік кәсіпорындарының сметалық пайдасы құрылыстағы сметалық құнды айқындау кезінде қосымша есептеледі және осы бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы сметалық жалақының есебі бойынша Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке сәйкес ескеріледі.
2. Құрылыс материалдарын жеткізудің көліктік схемалары
8. Құрылыс үшін жүктерді тасымалдау бойынша көлік шығыстары оларды жеткізушіден (дайындаушы-кәсіпорыннан) құрылыстың объект маңындағы қоймасына дейін жеткізуге жұмсалған шығындар негізінде қалыптасады.
Полная версия

