Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігінің
 Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
 шаруашылық істері және
 жер ресурстарын басқару комитеті
 Төрағасының
 2015 жылғы 3 шілдедегі
 № 235-нқ бұйрығына
 7-қосымша
Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Осы «Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) құрылыстың сметалық құны құрамындағы сметалық жалақыны айқындауға арналған.
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты құрылыстағы сметалық жалақының шамасын айқындау кезінде бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Мемлекеттік нормативтің ережелері мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілерінің қолдануы үшін міндетті болып табылады.
4. Басқа көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатқа ие болады және құрылыстың сметалық құнының құрамындағы және орындалған жұмыстар үшін есептердегі жалақының шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
2) еңбекке ақы төлеу - қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
3) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
4) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ, өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
5) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
6) инфляцияның болжамды индексі – өткен жылдың ең аз есептік көрсеткішіне жоспарланатын жылдың ең аз есептік көрсеткішінің қатынасы;
7) өңірлік коэффициент – күнкөрістің ең аз орташа республикалық мәніне нақты өңірдің күнкөрістің ең аз мөлшеріне қатынасы;
8) өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
9) ресми статистикалық ақпарат – стратегиялық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат; 
10) сметалық жалақы – құрылыстың сметалық құны құрамында ескерілетін еңбекті төлеуге арналған қаражаттың есептік шамасы;
11) тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;
12) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi