«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қыркүйекте № 12090 болып тіркелді
Редакция 21.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында,
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ______________________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 9 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі _____________________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы 15 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ______________________ Н. Әбіқаев 2015 жылғы 18 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________________ В. Школьник 2015 жылғы 13 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірде № 525 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
Полная версия