«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қазанда № 12129 болып тіркелді
Редакция 01.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _______________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 9 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 2 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экномика министрі ____________________ Е. Досаев 2015 жылғы 28 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _____________________ К. Қасымов 2015 жылғы 16 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________________ В. Школьник 2015 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Полная версия