«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2018
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 қазанда № 12175 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.12.2017 жылғы № 968 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _______________ 2015 жылғы 17 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 қыркүйек № 726 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 75) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылаудың басқа нысандарының құралдары бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Бақылаудың басқа нысандары тексерілетін денсаулық сақтау субъектісі (объектісі) оның қызметінің рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды (ақпарат) алуға жүгінген жағдайда Заңның 10-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізіледі.
3. Бару субъектілері (объектілері) мынадай денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
4) апаттар медицинасы ұйымдары;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
6) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
7) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
8) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
9) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
11) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
12) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
13) ұлттық холдингтер;
14) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдар;
15) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істейді.
4. Комитет немесе оның аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, бақылаудың басқа нысандарын жүргізу кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымның ЖММК көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау қорытындысын құрастыра отырып, денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге (бұдан әрі - ЖММК) дайындығына;
2) сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуы туралы еркін нысанда тексеру актісін құрастыра отырып, дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайлардың болуына және олардың Кодекстің 78-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігіне;
3) Кодекстің 7-бабының 1-тармағының 115) тармақшасында белгіленген тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектіге және денсаулық сақтау ұйымдарына бағалау жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификат беріледі.
5. Бақылаудың басқа нысандарын жүргізу кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу және тексерілетін денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) алдын ала хабарлау талап етілмейді.
6. Комитет немесе оның аумақтық бөлімшесі денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) бара отырып бақылаудың басқа нысандарын жүргізу кезінде тексерілетін денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына оны өткізгенге дейін хабарлайды.
7. Денсаулық сақтау субъектісін (объектісін) бақылаудың басқа нысандарының қорытындылары бойынша бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамайды, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі туралы міндетті түрде түсіндіре отырып қорытынды құжаттар құрастырылады (қорытынды, дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісі, дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификат).
8. Комитет және оның аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, бақылаудың басқа нысандарының санын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Медициналық ұйымның ЖММК көрсетуге қойылатын талаптардың сәйкестігіне жүргізілген бағалау қорытындысы
1. ____________________ медициналық ұйымы (толық заңды атауы)
2. Енгізілетін түрінің атауы _____________________________
Мамандарға қойылатын талаптар | Сәйкестігі/ сәйкессіздігі | Жабдықтың болуына қойылатын талаптар | Сәйкестігі / сәйкессіздігі | Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен мәлімделген әрбір технология үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі ММБ), медициналық техниканы, шығын материалдарын мемлекеттік тіркеудің/ бір реттік кіргізу рұқсатының болуы | Сәйкестігі / сәйкессіздігі |
Қорытынды |
Бақылау органының басшысы:
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі -
Т.А.Ә.), лауазымы, қолы, мемлекеттік органның мөрі)
Бағалауды жүргізген бақылау органының мамандары:
_______________________
Т.А.Ә., лауазымы, қолы)
Ескертпе: Комитеттің аумақтық бөлімшелері толтырады
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестікке сертификат
№ ________
Берілген күні ___ жылғы «___» __________
____ жылғы «___» __________ дейін жарамды
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің
_____________________________________________________________________
толық атауы, орналасқан жері, деректемелері)
_____________________________________________________________________
(қызмет объектісінің атауы)
тиісті фармацевтикалық практикаға сәйкестігіне берілді
_____________________________________________________________________
Өндіру үшін:
тиісті фармацевтикалық практикаға сәйкестік саласы:
дәрілік заттар тобының атауы
_____________________________________________________________________
технологиялық процесс кезеңі
_____________________________________________________________________
өндірістік үй-жайлардың, аудандардың тізбесі
_____________________________________________________________________
Сертификатты берген фармацевтикалық инспекторат
_____________________________________________________________________
(толық атауы)
Фармацевтикалық инспекторат басшысы _________________________________
(Т.А.Ә.) қолы
Полная версия