Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Приложение 1
к приказу Министра образования
 и науки Республики Казахстан
 от 3 апреля 2013 года № 115
Данная редакция действовала до внесения изменений от 18.06.2015 г. 
Типовая учебная программа по предмету «Грамота (чтение, письмо)» для 1 класса уровня начального образования  (с казахским языком обучения)
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 
2. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл мақсат оқу және жазу сабақтарында ауызша және жазбаша сөйлеудің үйлесімділік ұстанымын ескере отырып оның үш кезеңінің (әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең) негізгі міндеттерін шешу арқылы қамтамасыз етіледі:
1) әлiппеге дейiнгi кезеңнің міндеттері: балалардың өмірінде жаңа пайда болған жетекші әрекет – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен қызығушылығын тәрбиелеу, баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқуға және жазуға дайындау, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйрету; 
2) әлiппе кезеңiнің міндеттері: қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру, әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру, оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру;
3) әлiппеден кейiнгi кезеңнің міндеттері: оқу (сөзді, сөйлемді саналы, дұрыс және түсініп оқу) және жазу (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) дағдыларын жетілдіру, тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру, оқылған мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, қарым-қатынастың әртүрлі жағдайында ана тілін еркін қолдануға бейімдеу.
3. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 7 сағаттан оқытылады (барлығы – 231 сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше бөлінеді:
4. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
«адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану.
ертегі, аңыздар оқу барысында мазмұнына сәйкес музыкалық шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату.
суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдіруге үйрету, сурет салғызу, бояту жұмыстары арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Полная версия
ИС BestProfi