Близость слов: Окончание:





"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 663 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қазанда № 12178 болып тіркелді
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 
19 желтоқсанда № 9938 жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың оңыншы бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі,  138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
«1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу,  сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының  14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және  21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және  11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде қарыз қаражаты;
5) бюджеттік инвестициялардың нәтижелiлiгі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулерімен расталған дәлелдемелердің, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы;
6) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесi және жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келуі;
7) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
8) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
Полная версия
ИС BestProfi