Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10095 тіркелді
«Дене шыныктыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу өткізуге және аккредиттеу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысанын және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:
3-тармақ өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 жылғы № 306 Бұйрығымен (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу», «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.
3. Спорт федерациясын аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша спорт федерацияларының заңдылығын тану рәсімі.
4. Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.