Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12152 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі);
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасы паспортының нысаны (үлгісі) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________ Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 30 наурыздағы
 № 4-5/280 бұйрығына
 1-қосымша
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi