Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11687 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 160 Бұйрығына сәйкес (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Пестицидтердi тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
Осы Қағидалары өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.07.2016 жылғы № 326 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалары жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Пестицидтерді тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және пестицидтердi тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.12.2021 жылғы № 378 Бұйрығына сәйкес (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әсер етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге, аса қауіпті зиянды организмге, карантиндік объектіге, бөтентекті түрге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әсер етуге әкелетін пестицидтiң биологиялық белсенді бөлiгi;