Близость слов: Окончание:





Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12107 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.12.2019 жылғы № 426 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 10.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (06.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.12.2019 жылғы № 426 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (06.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өткізілген шикізат көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) өндірілген биоотынның көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;
3) басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-2-қосымшаға сәйкес;
4) Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 
«КЕЛІСІЛГЕН»  
Қазақстан Республикасының  
Инвестициялар және даму министрі 
_____________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 21 шілде 
«КЕЛІСІЛГЕН»  
Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрі 
_____________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 26 тамыз 
«КЕЛІСІЛГЕН»  
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық экономика министрі 
_____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 21 тамыз 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-4/631 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 06.12.2019 жылғы № 426 Бұйрығымен (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (06.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi