1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 71 -78-баптарын іске асыру мақсатында әзірленген және қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлеріне демалыс берудің ресімделуін нақтылайды.
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
1. Демалыс түрлері
2. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес құқық қорғау қызметінің қызметкерлері үшін демалыстардың мынадай түрлері белгіленеді:
1) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;
2) қысқа мерзімді демалыс;
3) оқу демалысы (құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);
4) еңбек сiңiрген жылдары және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс;
5) жүктілiгіне және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс белгіленеді.
3. Демалысты беру, ұзарту не ауыстыру және демалыстан кері шақыртып алу тиісті бұйрықпен ресімделеді.
2. Демалыстардың ұзақтығын есептеу
4. Демалыстардың ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істемейтін күндер болып белгіленген мереке күндері есепке алынбайды.
5. Демалыс ұзақтығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерлердің демалыс өткізу орнына баруы мен кері қайту жолына кететін уақыты есепке алынбайды.
6. Демалыс өткізу орнына баруға және кері қайтуға кететін қажетті уақыт сол немесе өзге көлік түрінің қозғалыс кестесі бойынша есептеледі.
Демалыс орнына ұшақпен барған кезде жол уақыты демалыс өткiзетiн жерге баруы мен кері қайтуы бiр тәулiк есебiнен есептеледi.
Қызметкерлер кезекті демалысқа жеке көлiктерiмен барған жағдайда, демалыс өткізу орнына баруға және кері қайтуға қажетті уақыт теміржол көлігінің кестесі бойынша есептеледi.
Кезекті демалысты бiрнеше пункттерде өткiзген кезде қызметкерлерге тек бiр пунктке (алыстау) ғана баруға және кері қайтуға уақыт берiледi.
7. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөліп-бөліп, бірақ екі бөліктен асырмай пайдалана алады.
8. Қызметкерлерге демалыс өткізу орнына бару және кері қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзімді, қосымша демалыстар кезінде ақшалай үлес олардың атқарып жүрген лауазымы бойынша демалысқа шыққан күні алатын мөлшерде беріледі.
9. Қызметкерлердiң қызмет бабы бойынша ауысуы кезiнде осы ауысуға дейiн кезектi демалыстарын пайдаланбағандарға демалыс ауысу жылында жаңа жұмыс орны бойынша беріледі.
Қызметкерлер бұрынғы қызмет орнында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшiн берілген қосымша демалысты да пайдаланбаған жағдайда, бұл демалыс оларға жаңа қызмет орны бойынша кезектi демалысымен бір уақытта берiледi және қызмет өткерудің ерекше жағдайларындағы жұмыс уақытымен тепе-тең есептеледi.
10. Қызметкерлердiң демалыс кезiнде ауырып қалуына байланысты емдеу мекемелерінен олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жұмыстан босатылғандығын куәландыратын құжаттарды ұсынғанынан кейін демалыс берген уәкілетті басшы ұзартады. Бұл ретте, осы тұлғалардың кезектi демалысы үзiлiп қалмайды. Пайдаланылмаған демалыс күндерi қызметкердiң баянаты мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша ұзартылып, тиісті бұйрықпен ресімделеді.
Қызметкер кезектi демалысы кезiнде ауырып қалғаны туралы тиісті бастығына демалыс берілген мерзiм бiтпей тұрып хабарлайды.
11. Қаржы полициясы органдарының кадрлар бөлімшелері қызметкерлерге демалыстардың барлық түрлерінің уақтылы берілуін бір жыл ішінде жүйелі бақылайды, барлық анықталған кемшіліктер туралы өзінің тікелей басшыларына дереу баяндайды.
12. Қызметкер жұмысқа демалыстан форс-мажорлы себептермен кешігіп шыққан жағдайда, бұл туралы тікелей басшысына хабарлап, кейіннен кешігу себебін дәлелдейтiн тиiстi құжатты ұсынады.
3. Қызметтің бірінші күнтізбелік жылында демалыстар беру тәртібі (қызметке қайта қабылданған жағдайда)
13. Қызметкерлерге қызметтің бірінші күнтізбелік жылында (қызметке қайта қабылдаған кезде) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде арнаулы атақтың берілу немесе ҚПО кадрына енгізілу күніне қарамастан, олардың қатардағы немесе басшы құрамның лауазымына тағайындалған күнi ескерiледi.
14. Қызметкерлердің қызметке кіріскен жылындағы ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы олардың қызметке кірген күнінен бастап жылдың соңына дейінгі қызмет өткерген уақытына тепе-тең, қызмет өткерген әрбір толық айы үшін демалысының он екіден бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен қатар, ұзақтығы он күнтізбелік күн және одан ұзақ демалыс алуға құқылы қызметкерлерге жол жүруіне демалыстан тыс уақыт беріледі. Аталған тұлғаларға ұзақтығы он күнтізбелік күнге жетпейтін ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы олардың қалауы бойынша келесі жылы ақылы жыл сайынғы еңбек демалысымен бір мезгілде беріледі.
15. Қызметтің бiрiншi күнтiзбелiк жылындағы кезектi демалыс күндерінiң ұзақтығын санаған кезде демалыстың жарты күнi толық күн болып есептеледі.
Мысалы, 1 наурызда лауазымға тағайындалған және сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап кезектi демалыс беру туралы баянат жазған қызметкерге бiрiншi күнтiзбелiк жылдың толық алты айы үшін ұзақтығы 15 тәулiк (2,5 күн х 6 ай = 15) демалыс берiлуі тиiс.
Бұл ретте кезектi демалыстар берудің осындай тәртiбi қызметке қайта қабылданған ҚПО-ның бұрынғы қызметкерлеріне де қолданылатынын ескеру керек.
Еңбек сiңiрген жылдары үшiн қосымша демалыс та осыған ұқсас есептеледi.
Мысалы, 1 наурызда ҚПО-ға қызметке қайта қабылданған және сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап кезектi демалыс беру туралы баянат жазған, 11 жыл еңбек сіңірген жылдары бар бұрынғы қызметкерге бiрiншi күнтiзбелiк жылдың толық алты айы үшін ұзақтығы 20 тәулiк (2,5 күн х 6 ай + 5 күн қосымша демалысы) демалыс берiлуi тиіс.
16. Егер қосымша демалыс (немесе оны көбейту) құқығы қызметкерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берілген сәттен кейін туындаса, еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін қосымша демалыс ағымдағы жылдың соңына дейін басқа уақытта беріледі немесе демалыс беру құқығы бар бастықтың келісімі бойынша келесі жылдың ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады.
4. Демалыстарды беру және ресімдеу
17. Қызметкерлердің баянаттары кезектi демалыстарды беруге негiз болып табылады. Баянатта демалысты өткiзетiн орны, сондай-ақ қызметкердiң демалысқа қай күннен бастап шығатыны көрсетіледі.
18. ҚПО бөлімшелерінің жеке құрамының кезекті демалыстар кестесі жыл сайын желтоқсанда құрастырылады және оны тиiстi бастықтар келесi жылдың 15 қаңтарына дейiн бекiтеді, жеке құрамның назарына уақтылы жеткiзiледi.
19. Кезектi демалыстар қызметкерлерге бiрдей барлық күнтізбелік жыл ішінде берiледi.
20. Кезектi демалыстарды беру кестелері мен қызметкерлердің баянаттары кадр бөлімшесінде және қызметтерде сақталады.
Аталған органға кезектi демалыстарды беру кестесi бекiтiліп қойғаннан кейін келген және бұрынғы қызмет ету орны бойынша кезектi демалысын пайдаланбаған, сондай-ақ ҚПО-ға қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге қосымша кестелер құрастырылып, олар кезектi демалыстар берудiң негiзгi кестесiне қоса тігіледі. Кезектi демалыс қызметкерге ағымдағы жылдың iшiнде берiледi.
21. Демалысқа шығатын қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiнде көзделген барлық iстер мен материалдарды өздерiнiң тiкелей бастықтарына немесе олардың нұсқаулары бойынша басқа қызметкерлерге тапсырады.
22. Қазақстанның басқа аймағына кетуімен демалысқа шығатын қызметкерлерге осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес демалыс куәлігі беріледі, оған белгіленген пунктке келу және одан кету туралы белгі қойылады.
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулыққа қосымша
Нысан
Демалыс куәлігі
| Демалыс куәлігінің түбіртегі № ____ |
Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) 20____ж. «____» _______________ Астана қаласы Демалыс куәлігі № ____ |
| Берілді (арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) | |
| 20___ жылғы “ ” бастап | |
| 20___ жылғы “ ” дейін 20___ жылға жыл сайынғы демалыс берілді |
20___ж. “ ” бастап 20___ ж. “ ” дейін |
| болуымен | |
| оған жыл сайынғы демалыс рұқсат етілгені туралы | |
| болуымен | Қызметтік куәлікті көрсеткенде жарамды |
| Алды:___________________________ Күні:___________________________ |
Кадрлар бөлімшесінің бастығы_____________________ |
Полная версия

