Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2022
Данный документ находится в процессе изменения
Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12204 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.03.2022 жылғы № ҚР- ДСМ-27 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стационарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
  Қазақстан Республикасы
                                        Денсаулық сақтау және
                                     әлеуметтік даму министрінің
                                      2015 жылғы 29 қыркүйектегі
                                     № 761 бұйрығымен бекітілген
Стационарлық көмек көрсету қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығына сәйкес (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.05.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-109 Бұйрығына сәйкес (16.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-118 Бұйрығына сәйкес (08.08.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.09.2019 жылдан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
1. Осы Стационарлық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа стационарлық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) стационарлық көмек – дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын көмек ұсыну нысаны;
2) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
3) мамандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
Полная версия
ИС BestProfi