Близость слов: Окончание:





Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 758 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12207 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелері жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің
 2015 жылғы 28 қыркүйектегі
 № 758 бұйрығына
 1-қосымша
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы
1. Осы Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық зертханаларының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейді.
2. Медициналық зертхана өзінің тұрақты орналасқан жерінде немесе өзінің тұрақты орналасқан жерінен тыс өзге жерде жұмысты орындауы кезінде «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын спецификалық талаптар» Қазақстан Республикасының ҚР СТ ISO 15189-2008 мемлекеттік стандартының (бұдан әрі – ҚР СТ ISO 15189-2008) талаптарына сәйкес келеді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілікті тексеру провайдері – ҚР СТ ISO/IEC 17043-2012 (бұдан әрі – ҚР СТ ISO ISO/IEC 17043-2012) стандартына сәйкес біліктілікті тексеру бойынша схемаларды әзірлеумен және өткізумен айналысатын ұйым;
Полная версия
ИС BestProfi