Близость слов: Окончание:





Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10298 тіркелді
Редакция 09.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2021 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім Нұсқауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 3 наурыздағы № 105 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2229 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 3 наурыздағы № 105 «Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім ңұсқауышын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 187 (1390) «Заң газеті» газетінде жарияланған)).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
19 қаңтар 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
15 желтоқсан 2014 жылы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-1/625 бұйрығымен
бекітілген
Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 жылғы № 7-1/822 Бұйрығымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығымен (16.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2021 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін, сондай-ақ «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринариялық препаратты, азықтық қоспаны қолдану (пайдалану) жөніндегі тәлімдеме (нұсқаулық) – ветеринариялық препаратты, азықтық қоспаны қолдану (пайдалану) шарттары мен тәртібін белгілейтін құжат;
2) ветеринариялық препараттың, азықтық қоспаның нормативтік-техникалық құжаттамасын сараптау (бұдан әрі – НТҚ сараптамасы) – мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берілген ветеринариялық препараттың, азықтық қоспаның нормативтік-техникалық құжаттамасын талдау рәсімі;
Полная версия
ИС BestProfi