2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/898 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12248 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/898 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;
3) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
4) географиялық дақылдар – жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
5) климатип – белгілі бір климаттық жағдайлардың әсерімен қалыптасқан экотип;
Полная версия